СҚО-да жүргізуші куәлігі жоқ мас азамат жол талғамайтын көлікті тізгіндеген
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың кейбірі елде жазаның қатаң болуына қарамастан, рульге жүргізуші куәлігінсіз және мас күйінде отыруын қояр емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы кезде Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 41 жастағы «Тойота Ленд Крузер» жүргізушісі соттың шешімін күтіп отыр. Оны тәртіп сақшылары Қызылжар ауданы Бескөл кентінде мереке күндері мас күйінде ұстады. Ол былтыр қарашада жүргізуші куәлігінен айырған болатын.
24 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны енді рульге тек алты жылдан кейін отыра алады. Ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін соттың шешімімен осындай мерзімге жүргізуші куәлігінен де айырылды.
«Жас жігіт 15 тәулікке қамалды. Ол осындай құқық бұзғаны үшін 2013 жылы жазаланған еді. Алайда, жүргізуші куәлігін алып үлгермей жатып, ол үш жылдан кейін тағы да бұрынғы әдетіне басты. Оны түнде Мамлют АІІБ қызметкерлері тоқтатып, ішімдік ішкенін анықтаған», - деді баспасөз қызметінен.
Солтүстікқазақстандық полицейлер жыл басынан бері 400 мас жүргізушіні ұстаған. Оның 40-тан астамы қамалды.
СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының м.а. Арыстан Сұлтанғазиев жыл басынан бері өңірде мас жүргізушілердің кінәсінен 7 жол апаты болғандығын атап өтті.