СҚО-да жыл басынан 16 шетелдік Қазақстан азаматтығын алды

Қазіргі уақытта өңірде 800-ден астам шетелдік уақытша тұрып жатыр.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қон қызметінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторы Жамбыл ауданында құжатсыз жүрген екі азаматты анықтады. Ауыл тұрғындары 1974 жылғы үлгідегі төлқұжаттарын жоғалтып, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты уақтылы ресімдемеген. Қарағанды облысының 64 жастағы тумасы төлқұжатты соңғы рет 1981 жылы алған екен. Полицейлер бұл фактіні анықтағаннан кейін ғана оған жаңа құжат берілді.
Дәл осындай жағдайға Жамбыл ауданы Мирное ауылының тұрғыны да душар болған. Көші-қон қызметінің қызметкерлері 62 жастағы ауыл тұрғынына құқықтық мәртебесін реттеуге көмектесті. Полицейлер мемлекеттік мекемелерге тиісті сұраулар жолдады. Нәтижесінде екі тұрғын да ҚР азаматтары болып танылды.
«Енді екі азамат та зейнетке шығуға құжаттарын ресімдеуді бастайды.
Жыл басынан СҚО-да полицейлер 8 мыңнан астам адамға жеке куәлік табыстады. ҚР азаматтығын 16 шетел азаматы алды. 7 адамның қолында тек КСРО паспорты болған. Өңірге келген 146 адам тұруға ықтиярхат ресімдеп, 36 адам ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат алды.Қазіргі уақытта СҚО аумағында уақытша 834 шетелдік тұрып жатыр.