СҚО-да жыл басынан бері 600-ге жуық шетелдік жұмысқа орналасты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 597 шетел азаматы жұмысқа орналасты. Олардың екеуі жекеменшік үйлерді салумен айналысады.

СҚО-да жыл басынан бері 600-ге жуық шетелдік жұмысқа орналасты

«Өткен жылдың сәуір айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында 1700ден аса еңбек мигранты жұмыс істеуге рұқсат алды. Биылғы жылы аймақта 597 шетелдік жұмысқа орналасты. Өзбекстаннан келген ерлі-зайыптылар Тимирязов ауданында жұмысқа орналасқан. Олар жекеменшік үйлердің құрылысымен айналысады. Әзербайжаннан келген тағы бір отбасы Петропавл тұрғынының үйінде үй шаруасымен айналысады», - деді СҚО ІІД көші-қон басқармасының басшысы Еркетай Тұтқышев.

Сондай-ақ рұқсат алу тәртібі жеңілдетілген болса да, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа салу оқиғалары анықталды. Жыл басынан бері заңсыз жұмыс жасаған 30-дан аса адам белгілі болды.