СҚО-да жыл басынан бері жол апаттарынан 6 адам мерт болып, 20-сы жарақаттанды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бүгіннен бастап «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық онкүндігі аясында жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да жыл басынан бері жол апаттарынан 6 адам мерт болып, 20-сы жарақаттанды

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Былтыр осы аралықта 2 жол-көлік оқиғасы болып, екі адам зардап шеккен еді.

«Дүйсенбі 14 ақпаннан бастап облысымызда «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Басты міндет - балалардың жол-көлік оқиғасына тап боолуының және соның салдарынан жарақат алуының алдын алу. Патрульдер негізінен оқу орындары маңында жұмыс істейді. Әкімшілік полиция қызметкерлері оқу орындары мен жаяу жүргіншілер өткелдері маңындағы жол-көше желілеріне мониторингті күшейтеді. Мектептер мен мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде профилактикалық жұмыс жандандырылады; инспекторлар онлайн және офлайн режимдерде дәріс өткізеді, тақырыптық буклеттер мен жадынамалар таратады. Сонымен қатар мектеп автобустарының жағдайы тексеріледі», - дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан СҚО-да 15 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 6 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алған.