СҚО-дағы Сасықкөл көлінің атауын өзгерту ұсынылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Сасықкөл көлінің атауы өзгеруі мүмкін. Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған Үкіметтің тиісті қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі аумағында орналасқан Сасықкөл көлінің атауы Мәриямкөл көлі болып аталсын», - делінген қаулыда .
Қаулы 22 қыркүйекке дейін ашық талқылауға шығарылған. Кейін көлдің атауын өзгерту туралы шешім күшіне енеді.
Айта кетсек, бұған дейін Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Новомарковка ауылының атауын Майлан етіп өзгерту ұсынылған болатын. Бұл ұсыныс та 22 қыркүйекке дейін халық талқысында болады.