СҚО-дағы зауытта компьютерлер құрастырылып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Киров атындағы зауыт компьютер құрастыруды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін өңір басшысы Құмар Ақсақалов Петропавлдағы Киров атындағы зауытта болып, компьютерлік техниканы құрастыру процесінің барысын қадағалады.

Кәсіпорын қыркүйек айына дейін 5 мың компьютерді құрастырмақ.

Зауыт компьютерлік техниканы бірге шығаруға «Great Wall» қытайлық кәсіпорынмен келісімге отырды. «Microsoft» корпорациясымен де тікелей келісім жасалды.


«Бұл жобаның бізде болғаны өте маңызды. Бірінші кезеңде компьютерлерді құрастырамыз. Екінші кезеңде платалар шығарыла бастайды. Оған арнайы алынған жаңа қондырғы бар. Біз мамандарды Қытайға жіберіп, оқытамыз. Компьютерлерге сұраныс жоғары. Біз қазір мектептерге зауыттан шыққан 2 мың компьютерді алып жатырмыз. Көрші облыстар да қызығушылық танытып жатыр. Осы жобаның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Тек бірінші партияның есебінен зауыт бюджетке 120 млн тг салық төледі», - деді Құмар Ақсақалов.


Жалпы кәсіпорын 1 қыркүйекке дейін «ЗИК» маркалы 5 мың компьютерді құрастырып шығаруы тиіс. Ал жаңа жылға дейін тағы 50 мың компьютер мен 50 мың ноутбукті саудаға шығармақ.


Соңғы жаңалықтар