СҚО дуальді оқытудың жол картасы іске қосылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен бірігіп, «Дуальді оқытудың жол картасын» жүзеге асыруда, деп хабарлады СҚО ҰКП баспасөз қызметі.

СҚО дуальді оқытудың жол картасы іске қосылды

Қазір онда 91 кәсіпорын мен 15 колледж біріктірілген. 2 489 студентті қамтитын 84 үш жақты келісімшарт жасалды.
СҚО әкімдігімен бірлесіп, 22 кәсіпорын 12 техникалық және кәсіби білім беретін ұйымдарды қамқорлығына алды. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ мен Петропавл қ. Машина жасау зауыты, «Мұнаймаш» АҚ және гуманитарлық-техникалық колледж, «Основание» ЖШС және Петропавл құрылыс-экономикалық колледж арасында қамқорлыққа алу туралы 3 келісімшарт жасалды.
Арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері облыс кәсіпорындарында тағылымдамадан өтеді, жыл сайын 40 колледж жұмысшысы әлеуметтік серіктестерінде біліктілік деңгейін көтереді.
Сонымен бірге, кластерлік қамқорлық моделі енгізіліп жатыр. Мәселен, машина жасау колледжінің 2 және 3 курс студенттері Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ ақылы кәсіби тағылымдамадан өте алады.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында кафедра бөлімдері ашылатын кәсіпорындар тізімі құрылып жатыр.