СҚО экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Бақытжан Абулхаиров Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұжымға жаңа басшыны ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов таныстырды.
Бақытжан Абулхаиров Астана қаласының тумасы.
Қаржы полициясы академиясының түлегі.
2007-2016 жылдар аралығында қаржы полициясы органында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте түрлі лауазымда еңбек етті.
2016 жылдан бастап экономикалық тергеп-тексеру қызметінде жұмыс істеп келеді.
2022 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары болып еңбек етті.
Бұған дейін Петропавлда полицейлер суицид жасамақ болған бойжеткенді аман алып қалғандығы туралы айтқан едік.