СҚО Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚАзАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiнiң ұйғаруымен Солтүстiк Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы қызметiне Тасмұрат Қатқадамов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Тасмұрат Оқанұлы 1959 жылы Ресей Федерациясы Алтай өлкесi Бор-Фарпост селосында дүниеге келген.

Ол Павлодар индустриалды институтын, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автокөлiк жолдары университетiн «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1974 жылы Павлодар облысының Майқарағай ауылында механизатор болып бастаған.

1986 жылдан 2011 жылға дейiн Мәскеу қаласындағы «Спесетьстрой» трестiнде бөлiм мастерi, бөлiм басшысы, «Анфострой» ЖШҚ бас директордың орынбасары қызметтерiн атқарған.

Қазақстан Республикасының Президентiнiң күзет қызметiнде 2 жыл жұмыс iстеген.

2003 жылдан 2014 жылға дейiн «Ространсстрой» ЖШС директорының, «Корпорация Трансстрой» ААҚ қазақстандық филиалы директорының орынбасары, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС бас менеджерi, құрылыс жөнiндегi басқарушы директоры, бас директорының персоналды басқару және режiм жөнiндегi орынбасары болған. «ҚазАвтоЖол» «ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның ақылы автомобиль жолдары директорының орынбасары қызметiн атқарған.

2014 жылдан 2015 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басшысының мiндетiн атқарған.

2015 жылдан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейiн «Olimp Construction» ЖШС директоры болып қызмет еттi.

 

Соңғы жаңалықтар