СҚО-ға 300 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындармен есеп беру кездесуінде өңірге тартылатын инвестициялар жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Былтыр облыс инвестиция тарту бойынша орташа республикалық көрсеткіштен асып, өңірлер арасында даму қарқыны жағынан 4-орынды иеленді. Облыс әкімінің айтуынша, жеке инвестициялар бюджет есебінен тартылған инвестициялардан 4 есе артық болған.

Инвестицияның басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке жұмылдырылған.

«Шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобаларды ілгері жылжыту - стратегиялық басты мәселелердің қатарында», - дейді Құмар Ақсақалов.

Әкімнің сөзіне қарағанда, алдағы 3 жылда өңірде машинажасау кластерінде, майлы дақылдарды өңдеу кешенінде, целлюлоза өндіру, құрама жем өндіру, бидайды терең қайта өңдеу салаларында бәсекеге қабілетті 5 жаңа өндіріс орны салынады. Осы жобаларға тартылатын инвестицияның жиынтық мөлшері 300 миллиард теңгеден асып, 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту мүмкіндігін береді.

«Бұл - біздің басты міндетіміз. Облыстың өндірістік әлеуетін, тарихты ескере отырып, оны индустриалды-аграрлық өңірге айналдыруымыз қажет», - дейді Қ. Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар