СҚО-ға биыл 72 дәрігер жұмыс істеуге келді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында дәрігер жетіспеушілігі мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр, өңірге биыл 72 дәрігер жұмыс істеуге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ға биыл 72 дәрігер жұмыс істеуге келді

СҚО-ға 2017 жылы 354 маман керек болса, бүгінгі қажеттілік 130 маманды құрайды. Яғни кадр жетіспеушілігі мәселесі әлі де өткір тұр. Мәселен, өңірде штат бойынша 38 кардиолог болуы қажет. Қазір 25 маман ғана бар.

«Облыстағы 13 ауданның 9-ында басқа сала дәрігерлері кардиологтың қызметін қоса атқарады. Өңірдегі 4 ауданда – Мамлют, Тимирязев, Шал ақын

және Жамбыл аудандарында олардың міндеті терапевтерге жүктелген.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек аясында қызметкерлер жүйелі түрде курстардан өтіп, кардиологиялық ауруларға медициналық көмек

көрсетуге машықтанады. Биыл біздің орталықта осылайша 32 маман: 9 дәрігер мен 23 орта медициналық қызметкер оқып шықты», - дейді өңірдегі Кардиологиялық орталықтың директоры Азамат Мағзұмов.

Кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін облыстық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақы қарастырылып отыр. Өңірге жұмыс істеуге келген дәрігерлерге 1,5 млн теңге көлемінде көтермеақы беріледі. Мұнымен қоса баспана мәселесін де шешуге көмектеседі.

СҚО денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 72 дәрігер келді. Олардың 40-ы аудандарға жұмыс істеуге кетсе, қалғаны облыс орталығында қалған.

Ал келер жылы олардың қатарына тағы 61 маман қосылады. Былтыр олар облыстық бюджет есебінен резидентураға оқуға жіберілген еді.