СҚО-ға құны 300 мың теңгелік қоқыс контейнерлері орнатылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да павлодарлық инвестор құрамында сынап кездесетін қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіп ашуды жоспарлар отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Энергетика және ТҮКШ басқармасының ақпаратына сүйенсек, аймақта қазірдің өзінде қауіпті қалдықтарды жинауға арналған 80-ге жуық контейнерлер қойылған. Люминесцент шамдары мен батарейлерін, сынап термометрлерін жинайтын 30 контейнер Петропавл қаласындағы ірі сауда орындарының маңайына қойылған. Қалған контейнерлер аудандарға жөнелтілген.
«Қалдық жинайтын бір ыдыстың өзі 330 мың теңге тұрады. Контейнерлерді жергілікті әкімдіктердің иелігіне «Оператор РОП» ЖШС келісімшарт арқылы тапсырып отыр», - дейді басқарма өкілдері.
Қауіпті қалдық әзірге Павлодар облысында өңделеді. Болашақта мұдай өнеркәсіптер СҚО-да да ашылады деп жоспарланған. 