СҚО-ға циклон жауын-шашын әкеле жатыр: ескерту жарияланды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері жауын жауып, жылы ауа райы сақталмақ. Бұл қардың қарқынды еруіне әкелмек.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Қостанай Ақмола облысында болған циклон бүгін өңірге жетіп, алдағы күндері жауын-шашынды болады. Осыған орай 31 наурызға дейін ескерту жарияланды.
«СҚО-да алдағы күндері жауын-шашын мен оң температураға байланысты қар қарқынды ерімек. Қардың көптігін, топырақтың күзгі ылғалдылығын және мұз қыртысының болуын ескерсек, еріген қар суының топыраққа сіңуі қиын болады. Бұл жер бетінде су ағынының пайда болуына, мұздың еріп, су деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Облыстағы шағын өзендердің арнасынан шығу қаупі бар», - дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.