СҚО кәсіпкерлеріне 200 су қоймасы беріледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО кәсіпкерлеріне 15 аңшылық жер, 200-ге жуық балық шаруашылығы су қоймалары жалға беріледі, деп хабарлады өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО кәсіпкерлеріне 200 су қоймасы беріледі

Байқау 12 және 17 желтоқсанда өтеді. Тендер өткізу тәртібі мен оның жағдайын мәжіліс-семинарда  бизнес субъектілеріне  палата, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары түсіндірді.

 «Шара осы саладағы бизнесті қолдауға бағытталған облыс прокуратурасы жобасының старт-апын іске асыру барысында өткізілді. Көбінесе қатысушылар құжаттарды дұрыс ресімдемейді не толық ұсынбайды. Бұл істе ұсақ-түйек маңызды», - деді мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Жасұлан Смағұлов.

Прокурорлардың айтуынша, мемлекет аңшылық пен балық аулау бизнесін дамытуға мүдделі.

 «Бұл жарамды жерді бекітуге мүдделіміз. Жалға алушы күзетті жүзеге асыруға, аңшылықты немесе балық шаруашылығын дамыту жұмыстарын жүргізуге, жануарлардың көші-қонын зерделеуге, олардың санын бақылауға міндетті. Бүгінде байқауға қойылған учаскелерде браконьерлік жиі орын алады, себебі оларды ешкім бақылмайды. Ал пайдаланушының аңшы (егерь) қызметі, арнайы техникасы болуға міндетті. Су қоймаларын жалға алушылармен де іс өткір мәселе, олардың өз дамуға бағытталған міндеттемелер тізбесі бар», - деп атап өтті ол.

Байқауға қатысу үшін әлеуетті жалға алушылар өз шаруашылығының даму жоспарын ұсынуға міндетті. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында атап өткендей, СҚО-ның көптеген бизнесмендері осы салада бизнес бастауды жөн санайды, өйткені бұл бағыт кеңінен қамтыла түспек.

Жыл ішінде барлығы 45-ке жуық аңшылық жерді ұтысқа шығару жоспарлануда.