СҚО Кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастығы болып Евгений Глотов тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастығы болып Евгений Глотов тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

«Евгений Сергеевич Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының тумасы. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша City university London-да оқу бітірді. Халықаралық құқық бакалавры. Құқық магистрі. Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан жастары конгресінде менеджер болып бастаған», - делінген хабарламада.

2007-2008 жылдар аралығында «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорында атқарушы директор қызметін атқарған. 2008-2014 жылдары Қазақстан ауыл жастары одағының төрағасы болды. 2010 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. Директордың орынбасары, «Агроиздат» ЖШС-нің директоры, «Полюс-СТ-Евразия» ЖШС директорының орынбасары, «Стилсофт-Астана» ЖШС коммерциялық директоры қызметтерін атқарды.

2015 жылдың қаңтар айынан шілдеге дейін - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы.

Осы тағайындауға дейін құрылымдық бөлімше - Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Соңғы жаңалықтар