СҚО Көліктік прокуратурасы әуежай қызметкерлерінің құқығын қорғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан Көліктік прокуратурасы мониторинг жүргізу барысында «Петропавл қаласының Халықаралық әуежайы» АҚ-ның 103 қызметкеріне 20,5 млн. теңге қарыз екенін анықтады, деп хабарлайды аталған ведомство баспасөз қызметі.

СҚО Көліктік прокуратурасы әуежай қызметкерлерінің құқығын қорғады

Осы мәселе бойынша прокуратура өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы 2014 жылдың 29 мамыр күні еңбекақысын ала алмаған әуежай қызметкерлеріне жеке қабылдау өткізді.

3 маусым күні прокуратура әуежай басшылығына аталған мәселе бойынша қарызды өтеуді талап етіп, прокурорлық ұйғарым жолдады.

Қазіргі уақытта прокурор мен 103 қызметкердің талабы бойынша 20,5 млн. теңге қарыз өтелді.