СҚО: Көмір сатушылар өзара сөз байласып, бағаны реттемек болған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында көмір өнімдерін сатумен айналысатын екі компания өзара сөз байласып, бағаны реттемек болды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Компаниялар Тимирязев ауданында «К» маркалы (Екібастұз) көмірді сатқан. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекені және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бәсекені қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері байқалатындығы туралы ескерту хабарлама жіберген.

Департамент бұрын сатып алынған көмірлердің бағасын бірнеше рет арттыру дерегін анықтады. Әзірге компанияларға ескерту шаралары қолданылды.

«Хабарламаны алған соң 10 жұмыс күні ішінде компаниялар көмір бағасын экономикалық тұрғыдан негізді деңгейге келтіруі тиіс», - деп түсіндірді департамент басшысының орынбасары Наталья Шаяхметова.

Егер компаниялар осы міндеттемені орындамаса, департамент тексерісті бастайды.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, компанияларға ескерту беруге аудандық мәслихаттың және Тимирязев ауданы әкімінің орынбасарының хаттары себеп болған.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар