СҚО криминалистері жыл басынан бері 2 мыңнан астам зерттеулер жүргізді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында криминалистердің көмегімен биыл 200-ге жуық қылмыс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Криминалистерді «погондағы ғалымдар» деп те атайды. Олар қылмыскерлер оқиға орнында қалдырған іздерді табумен, жинаумен және зерттеумен айналысады.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері осы сала мамандары 1426 рет оқиға орнына шығып, 3 мыңға жуық қол және 500-ден астам трасологиялық, яғни аяқ киім, көлік құралы, бұзу және тағы басқа құралдар іздерін алды. Сонымен қатар, 157 биологиялық із, 92 иіс және 123 микробөлшек алған. Бұдан басқа, аумақ бөліністерінің тапсырмалары бойынша зерттеулер жүргізеді. Айта кететіні, әр алынған оқ-қару криминалистердің зерттеуіне түседі.

«Криминалистер жұмысының маңызды бөлігі оқиға орнынан айғақ заттарды алудан және зерттеуден тұрады. Кей кездері белгілі бір қиыншылықтар туындап жатады. Мәселен тиісті жағдайда сақталмаған ескі қаруды атып көру барысында үлгі жарылмас үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолданып, қашықтықтан атуға тура келеді. Зерттеуге ұсынылған үлгілердің қандай атыс қаруына жататыны анықталады, атуға жарамдылығы, маркасы, калибрі, серия нөмірі белгіленеді, кейін ҚР ІІМ криминалдық есептері бойынша тексеріледі», - дейді СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары Евгений Богачев.

Жыл басынан облыс криминалистері 2,1 мыңнан астам түрлі зерттеулер жүргізді. Әдетте бұл мамандардың жұмыстарының нәтижесі сотқа дейінгі тергеу барысында маңызды роль атқарады, күдіктінің іске қатыстылығын растайды не теріске шығарады.

Зерттеулер күдіктінің жеке басын анықтауға септігін тигізетін жағдайлар да жетерлік. Жыл басынан бері дактилоскопиялық есептің көмегімен 91 қылмыс ашылды. Сонымен қатар, фотороботты салу және «Образ++ 3.0» деректер базасын пайдалану 69 қылмысты ашуға септігін тигізсе, тағы 25 қылмыс аяқ киім, бұзып кіру құралдарының және көлік құралдары іздерінің көмегімен ашылды.


Соңғы жаңалықтар