СҚО құтқарушылары суға кеткен тұрғынды 5 тәуліктен бері іздеп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында балық аулауға шыққан тұрғын суға батып кетті, денесі әлі табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО құтқарушылары суға кеткен тұрғынды 5 тәуліктен бері іздеп жатыр

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 6 мамыр күні болған. Құтқарушылар сол күні сағат 20.30-да Тимирязев ауданының 1971 жылы туған тұрғынын іздеуді бастады.

Алдын ала болжам бойынша ер адам Тимирязевтен 3 шақырымдай жердегі Әлпаш көліне балық аулауға барып, суға кеткен. Су қоймасының жанынан оның киімі табылды.

Қазір оқиға орнында 5 құтқарушы, бір техника және жүзу құралы жұмыс істеп жатыр. Әзірше іздеу еш нәтиже берген жоқ.