СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына Ержан Құлымбетов тағайындалды

Ержан
Фото: KСҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасын енді Ержан Құлымбетов басқарады, деп хабарлайды Kazinform.

Ержан Құлымбетов биыл мамыр айында ғана Петропавл қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы қызметіне тағайындалған еді.

39 жастағы Ержан Мейрамбекұлы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ресейдің Мәскеу қаласындағы театр өнері университетін актерлік шеберлік мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008-2010 жылдар аралығында Италияның Милан қаласында музыкалық театрда тәжірибе жинаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Байқоныр қаласындағы мәдениет сарайында музыкалық сүйемелдеуші болып бастады.

Түрлі жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында вокал бойынша оқытушы, Астана қаласындағы оқушылар сарайында бас режиссер, Қазақ ұлттық өнер университетінде «актерлік шеберлік пен өнер» кафедрасының аға оқытушысы болып еңбектенген.

Сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінде тәрбие және жастар саясаты бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті.

2021 жылдан 2023 жылдың мамырына дейін Астана қаласындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «сазды-драма және қуыршақ театры» кафедрасының аға оқытушысы қызметінде жұмыс істеді.

Ал бұған дейін басқарма басшысы болған Досбол Әбдірисов «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқуға кетті. 

Соңғы жаңалықтар