СҚО мектептері ұлттық киім киюді дәстүрге айналдырып жатыр

мектеп
Фото: СҚО білім басқармасы

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептер ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында аптаның бір күнін қазақтың өнері мен салтына арнап, ұлттық киім киіп жүр.

Петропавлдағы Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 орта мектеп ұстаздары мен оқушылары алғашқылардың бірі болып бұл бастаманы қолға алды.

оқушы
Фото: СҚО білім басқармасы

Білім ордасындағы барлық сынып оқушылары әр аптаның жұма күні қазақша киініп жүруді қолға алды.

Балалар ғана емес, мұғалімдер де бұл күні замануи этностильде киініп, әшекейлер тағады.

мектеп
Фото: СҚО білім басқармасы

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында қолға алдық. Президентіміз «Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл — мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі — ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді» деді. Біз мектеп болып «Ұлттық киім кию» күнін өткізетін болдық. Бүгін оқушыларымызбен үзіліс уақытында қазақтың ұлттық ойындары «Ләңгі тебу», «Арқан тартыс», «Асық ату», «Бес асық» ойнатылды. Балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында «1 мақал-1 бауырсақ», «Қызықты викторина» ойындары өткізілді», — дейді Ә.Бөкейхан атындағы № 25 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Зұлқарнаева.

балалар
Фото: СҚО білім басқармасы

Мектептің 1-сынып оқушыларының ата-аналары балаларына қазақша стильде тапсырыспен арнайы киім тіктірген.

Ұстаздардың пікірінше, ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттау мектептен басталуы тиіс.

ұлттық киім
Фото: СҚО білім басқармасы

Қазіргі уақытта Ә.Бөкейхан атындағы № 25 мектебінде 60-қа жуық мұғалім еңбек етеді. 

630-дан астам оқушы оқиды.

оқушылар
Фото: СҚО білім басқармасы

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық киім кию күнін басқа мектептер де енгізіп жатыр.

киім
Фото: СҚО білім басқармасы
балалар
Фото: СҚО білім басқармасы

 

Соңғы жаңалықтар