СҚО мектептерінде балалар тыйым салынған сайттарға еркін кіріп жүрген
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – СҚО-да мектептегі балалар тыйым салынған сайттарға еркін қол жеткізіп келген.
Білім беру мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілген тексерулер кәмелетке толмағандар құқығы өрескел бұзылғанын анықтады.
«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарын бұза отырып, Петропавл қаласындағы 9 орта мектепте информатика кабинеттерінде тыйым салынған сайттарға балаларды өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға ынталандыру (соның ішінде суицид және зорлық-зомбылық әрекеттері) материалдары бар ашық қолжетімділік тыйым салынған сайттар анықталды», - деп хабарлады СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінен.
Қадағалау органының қаулыларына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылығы (директорлары) ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге прокурордың ұсынысы бойынша қаладағы барлық білім беру мекемелерінде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелген.