СҚО мен Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

СҚО мен Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Төртінші қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр аралас қар түрінде аздаған жауын-шашын болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік жел күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-қа күшейеді.

Петропавл қаласында 4 қазанда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында төртінші қазанда көктайғақ болмақ.