15:03, 03 Наурыз 2021 | GMT +6
СҚО-ның бірнеше ауданында жолдар жабылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүсчтік Қазақстан облысының бірнеше ауданында боранға байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 11.00-ден бастап Айыртау, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Тимирязев және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Өңірде ауа райы бұзылып, боран басталды.
112 қызметі ертең 4 наурызға боланға байланысты ескерту жариялап, хабарлама жіберді. Мамандардың айтуынша, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетпек. Сондай-ақ қалың тұман түсіп, көктайғақ болмақ.