СҚО-ның Городецкое ауылында астаналық құтқарушылар 400 метр су арнасын тазартты (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-ның Шал ақын ауданы Городецкое ауылында астаналық құтқарушылар 400 метр су арнасын тазалап, бөгеттерге құм салынған 200 қапшық қойды. Бұл туралы аймақтың ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

СҚО-ның Городецкое  ауылында астаналық құтқарушылар 400 метр су арнасын тазартты (ФОТО)

«Өңірде ҚР ІІМ ТЖК құрылымдарының, Астана қаласының «Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ-ның құтқарушылары жұмыс істеуде.  Олар Жаңажол ауылындағы су арналарын тазалады. Енді олар су басу қаупі бар Городецкое ауылында жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Құтқарушылар жаңа қазылған су ағызу арықтарын сулы қардан тазартып, олардың жағалауын құмы бар қаптар арқылы нығайтып жатыр, су басқан жерлерді бақылап жүр.

Топ басшысы Нұрлан Бикеновтың айтуынша, ауа райы қолайсыздығына қарамастан, астаналықтар жақсы жұмыс атқарып жатыр.

Құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар мен АІІБ қызметкерлері де көмектерін көрсетіп жатыр.

null null null null null null