СҚО полицейлері ғарышкер Т. Мұсабаевпен және сенатор А. Башмаковпен кездесті

ПЕТРОПАВЛ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, Ресей Батыры, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев пен
None
None

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полиция офицерлерімен болған ашық әңгімелесу барысында А.Башмаков отандық ғарыш саласының даму жағдайы туралы айтып берді.

Кездесу полицияның үш ардагері - отставкадағы полковниктер Әнуар Дәуітовты, Марс Ғаббасовты және Геннадий Селищевті марапаттаумен аяқталды. Сондай-ақ үздік 16 қызметкер ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаевтың алғысхатымен марапатталды.

Өз кезегінде полиция ведомствосының басшысы Мұрат Ұрымханов қонақтарды «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгісімен марапаттап, «Солтүстік Қазақстанның полициясы. Парыз. Ерлік. Батырлық» кітабын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум