СҚО полициясы жыл басынан бері 107 мыңнан астам құқық бұзу әрекеттерін анықтады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 9 айында облыс аймағында 107-ден астам түрлі әкімшілік құқық бұзу әрекеттері анықталды. Олардың жартысына жуығы Петропавл қаласында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО полициясы жыл басынан бері 107 мыңнан астам құқық бұзу әрекеттерін анықтады

Үш күн бойына өңірде «төзімсіздік» акциясы өтті. Жергілікті полиция қызметінің өкілдері мақсатты рейдтер ұйымдастырып, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында оқыту жұмыстарын қолға алды. 

Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Анатолий Мурзыканов темір жол колледжінің оқушыларымен кездесуге жеке өзі қатысты. Кездесудің мақсаты - өскелең ұрпақты заңбұзушыллықа төзбеуге тәрбиелеу және оқушылардың заң, тәртіп мәселелері бойынша толғандырған сауалдарына жауап беру.

«Колледж оқушыларымен кездесуге есірткі бизнесі, экстремизммен күрес бөлімшесі мен ювеналды полиция қызметкерлері де қатысты. Олар оқушыларға бейнематериалдар көрсетіп, пікір алмасып, Әкімшілік кодексіне қатысты баптар жазылған буклеттер таратты»,-деді Мурзыканов.

Бір мезгілде тәртіп сақшылары парктер мен скверлерге және өзге де қоғамдық орындарға рейдтер ұйымдастырды. Қала тұрғындарына ұсақ құқықбұзушылықтар бойынша заң алдындағы жауапкершіліктер туралы да айтылды.