СҚО прокуратурасы 50,5 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 50,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтарды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылдың 3 айында жер заңнамаларын қолдану саласындағы заңдылықты сақтау бағытында прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалпы кадастрлық құны 3,1 млрд теңгені құрайтын 50,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Аталған салада барлығы 6 тексеріс жүргізілді, 93 бұзушылық анықталды, 21 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жер телімдерін жалға алушылардан бюджетке 10,5 млн теңге өндіріліп алынды.