СҚО-да республикалық жолдарды күтіп ұстауға 17,6 млрд теңге бөлінді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1970 шақырым. Оның 19% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

жол салу
Фото: Kazinform

«Қазавтожол» ҰҚ» АҚ СҚО филиалы директорының орынбасары Қанат Усербаевтың айтуынша, бұл жолдың 124 км асфальт жабыны жоқ, қиыршық тас төселген.

Биыл республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге, күтіп ұстауға 17,6 млрд теңге бөлінді, бұл былтырғыдан 5,1 млрд теңгеге артық.

«Бұл соманың 5,2 млрд теңгесі жолды қайта жаңартуға, 3,1 млрд теңгесі – күрделі жөндеуге, 6,4 млрд теңгесі – орташа жөндеуге, қалған 2,9 млрд теңгесі күтіп ұстауға жұмсалмақ.

Ірі жобалардың бірі – Мамлюткадан Ресейдің Қорған қаласының шекарасына дейінгі жол учаскесін қайта жаңарту, 30,2 км салынуы тиіс, биыл жүзеге асыруға 6,4 млрд теңге қажет.

Омбы бағытындағы «Көкшетау-Кішкенекөл, Бидайық-РФ шекарасы» А-13 автожолының жалпы 58 км орташа жөндеуден өтеді. Биыл 3 млрд теңге жұмсалады, екі мердігер компания бекітілген», - дейді Қанат Усербаев.

Ал орташа жөндеу бес нысанда жүргізілмек, жалпы ұзындығы 118 км, бұл мақсатқа 5 млрд теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары Тайынша, Аққайың, Жұмабаев, Есіл, Мамлют, Жамбыл аудандарында жүргізіледі. Жобалардың кейбірі былтырдан қалған.

«Қыс мезгілінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жолдар тазаланып, құм себіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін монитронг жүргізіледі.
Биыл қыс уақытында жолдар қолайсыз ауа райына байланысты 43 рет жабылды. Жыл басынан бері біздің жолдарда 7 жол-көлік оқиғасы болды. Былтыр 102 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 28 адам қайтыс болды, 204 адам жарақаттанды», - дейді Қанат Усербаев.

Соңғы жаңалықтар