СҚО стационарларында ем алып жатқан 325 сырқат оттегіге тәуелді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырғандар саны азайып келеді, алайда ауырғандардың басым бөлігінің жағдайы мәз емес, оттегіге тәуелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО стационарларында ем алып жатқан 325 сырқат оттегіге тәуелді

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте облыста коронавирусты жұқтырудың жаңа 103 жағдайы тіркелді.

Ауырғандардың 51-і – Петропавл тұрғындары. Қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың 97-сінде, яғни 94 %-ында КВИ белгілері болған.

Індет басталғалы өңірде 534 150 рет ПТР-тест алынып, соның 5,3 %-ында – 32 748 жағдайда зерттеу оң нәтиже көрсеткен. Ал өткен тәулікте 788 адамға ПТР-тест жүргізілді.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта облыстың инфекциялық стационарларында 542 науқас ем алып жатыр.

Оладың 325-і оттегіне тәуелді болса, 48 адам жансақтау бөлімшелерінде жатыр. Ауырғандардың 99 %-ы – вакцина алмағандар.

Жалпы СҚО-да коронавирус жұқтырған 32 748 сырқат тіркелді, оның ішінде 456 жағдай сырттан әкелінген.

Соның ішінде 25 381 адамда – 76 %-ында ғана ауру белгілері болған.