СҚО су қоймаларында мұздың еруі жалғасып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларында мұздың еруі әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ мамандарының мәліметінше, Есіл өзенінің тармақтарындағы су деңгейі тұрақты түрде түсіп жатыр. Ал Сергеевка қаласы жанында Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 65 см, Покровка елді мекенінің жанында 70 см көтерілді.

«Қызылжар ауданы Новоникольское елді мекені жанында Есіл өзені деңгейі сыни межеден өтіп кетті. Қауіпті деңгей 780 см болса, бүгін таңғы сегіздер шамасында 837 см-ге жеткен. Салдарынан ауыл мен республикалық маңызы бар жолды байланыстыратын көпір су астында қалды», - делінген синоптиктер берген мәліметте.

Мамандардың айтуынша, Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 926 см, көлемі 849 млн текше метрге жетті. Тәулігіне 774 м³/с су жіберіліп жатыр. Су қоймасы арқылы судың жиектен асып ағуы 126 сантиметрді құрады. Петропавл су қоймасындағы су деңгейі - 709 см.

Соңғы жаңалықтар