СҚО Тайынша ауданының әкімі сот талабын орындамағаны үшін жазаланды

  ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімінен мемлекет есебіне 74 мың теңге өндіріліп алынды. 

Алматыда такси жүргізушісін өлтірген екі жасөспірім 12  жылға сотталды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

СҚО сотының мәліметінше, облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына ер адам Тайынша ауданы әкімдігінің хаттамалық шешімінің күшін жою туралы талап арыз берген. Әкімшілік істі қарау кезінде сот жауапкерге осы жылдың 3 қаңтарына дейін осы орган басшысының уәжделген ұстанымын көрсетіп, талап арызға жазбаша жауап беруді міндеттеді. Сондай-ақ бұл талапты орындамаған жағдайда жауапкерге оның құқықтық салдары туралы, атап айтқанда сот талабын орындамағаны үшін сот 20 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға құқылы екендігі түсіндірілді.

Алайда, сотпен белгіленген мерзімде жауапкер — Тайынша ауданының әкімі талап арыз бойынша жауап бермеген.

Осыған орай сот Тайынша ауданының әкіміне ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы мәселені талқыға шығарды.

Ақшалай өндіріп алуды қолдану заң мен сотқа құрметпен қарауды қалыптастыруға да ықпал етеді.

Аудан әкімі сотқа талап арызға пікірді және уәжделген ұстанымын белгіленген мерзімде ұсынбауының дәлелді себептерін түсіндіре алмады.

Сот ұйғарымымен Тайынша ауданының әкімінен 20 АЕК мөлшерінде, яғни 73 840 теңге республикалық бюджет кірісіне өндіріліп алынды. 

Ақшалай өндіріп алудың ерекшелігі — бұл жаза қолданылған тұлғалар оны өз қаражаты есебінен бюджет кірісіне төлейді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар