СҚО: Тайынша ауданында 50 үйді су басып, 60 тұрғын эвакуацияланды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Донецкое ауылының екі шеткі көшесін су басты. Қардың суы шамамен 50 үйдің ауласын алып кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

«Шамамен 50 үйдің ауласын су басқан. Жергілікті атқарушы орган 22 үйден барлығы 66 адамды эвакуациялады. Халық ауылдағы орта мектептің ғимаратына эвакуцияланды»,-деп хабарлады Р.Иманқұлов.

Ресми өкілдің айтуынша, қарғын суды техника сорғызып жатыр. Ауылдағы төтенше жағдайды жоюға облыстық ТЖД-ның «Өрт сөндіру және апатты-құтқару қызметі» мекемесі мен «Жедел құтқару отряды» мекемесі жұмылдырылған.

Сондай-ақ, ауылға аудандық ішкі істер бөлімінің алты көлігі, СҚО ТЖД мен аудандық ішкі істер бөлімінің 42 қызметкері жіберілген.

Төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстарды бақылау-үйлестіруді СҚО ТЖД басшысы өз мойнына алған.
null null null

Соңғы жаңалықтар
telegram