СҚО тұрғындары көктемнің шуағын наурыз айының соңында ғана сезіне бастайды - синоптиктер

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына биыл көктемнің жылуы бір аптаға ерте келеді. Десек те, синоптиктердің болжамынша, наурыздың басы мен ортасында кей жерлерде ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, жалпы наурызда ауа температурасы жылдағы көрсеткіш деңгейінде, орта есеппен -6-8 градусты көрсетпек. Ал өңір тұрғындары асыға күткен көктемнің жылуын тек айдың соңында ғана сезіне алады.

«Наурыз айының алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде -10-15°С пен -3-8°С, күндіз -2-7°С пен -2+3°С аралығында болады.

Екінші онкүндікте түнде -7-12°С, күндіз -2-7°С, кейін күн суытып, түнде ауа температурасы -20, кей жерлерде -25°С дейін, күндіз -9-14°С болады.

Ал үшінші онкүндікте -5-10°С, күндіз 0, +5°С күтілуде. Жалпы айдың соңында күн жылына бастайды, түнде 0,-5°С, кей жерлерде +3°С, күндіз сынап бағанасы +2+7°С дейін көтеріледі», - дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.

Маманның айтуынша, айдың басы мен ортасы қарлы-боранды болса, соңы жаңбырлы болмақ.


Соңғы жаңалықтар