СҚО тұрғындарына былтыр ауру мал үшін 36 млн теңге өтемақы төленді
Былтыр жануарлар мен құстардың 10 аса қауіпті ауруына және 3 энзоотиялық дертке қарсы профилактикалық вакцина егілді, 4 ауруға диагностикалық, 2 ауруға аллергиялық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде 5 млн 123 мың үй жануары мен құсқа вакцина егілді.
«2022 жылы үй жануарлары ауруының 25 ошағы тіркелді. Ол 2021 жылдан алтауға аз. Барлығына тиісті ветеринарлық-санитарлық шаралар жүргізілді, кейін шектеулер алынды. Өткен жылы зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша 6 ауданның 27 елді мекенінде бруцеллезбен ауыратын 206 ірі қара анықталды, бұл – 2021 жылғыдан 254-ке аз. 2021 жылы 460 ірі қара жойылды. Былтыр ауырған 206 ірі қара үшін мал иелеріне 36,3 млн теңге өтемақы төленді», - деді Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Болыспаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің деректері бойынша СҚО-да ірі қара мал бруцеллезін жұқтыру көрсеткіші – 0,05%, республика бойынша – 0,35%, көрші Ақмола облысында – 0,10%, Қостанай облысында – 0,24%, Павлодар облысында – 0,34%.