СҚО жаңа оқу жылына қызу дайындық үстінде
АСТАНА. ҚазАқпарат - СҚО 2016 жылы оқулықтар сатып алуға облыстық бюджеттен 514,8 миллион теңге бөлді. Оның 473,2 миллион теңгесі - аудандық және Петропавл қаласының мектептеріне, ал 41,6 миллион теңге облыстық мекемелерге бөлінген.
Қазіргі уақытта 491,6 миллион теңге қаражатқа 536,8 мың дана кітап алу үшін 21 баспамен 213 келісімшарт бекітілген. Оның 76 келісімшарты бірінші сынып оқушыларының оқулықтарына арналған, яғни 191,0 миллион теңгеге 241,5 мың дана кітап алынады.
Бүгін 288,3 миллион теңгеге алынған 308,5 мың оқулық білім беру мекемелеріне жеткізілді.
Оқулықтан бөлек, білім беру мекемелеріндегі компьютерлерді жаңартуға 100 миллион теңге бөлінді.
Жаңа оқу жылына білім ордаларын дайындау жұмыстары да белсенді жүргізіліп жатыр.
Аймақтағы 59 нысанның күрделі және жоспарлы жөндеу жұмыстары үшін 1281,5 мың теңге бөлінді. Соның ішінде 998,4 миллион теңге «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша 40 мекемені дайындау үшін республикалық бюджеттен бөлінген және облыстық қазынадан 19 нысанға бағытталған 238,1 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа ғимараттарды, олардың шатырын, электрмен жабдықтау, жылу жүйелері жөндеуден өткізіледі және есіктер мен терезелер ауыстырылады.
Қазір барлық нысанда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, 25 тамызға дейін барлық жұмысты аяқтау жоспарланған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, биыл СҚО-да 9 600-ден астам бала мектепке барады.