СҚО және Ақмола облыстарындағы автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Телеграм каналына сілтеме жасап.

СҚО және Ақмола облыстарындағы автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Солтүстік Қазақстан облысында 2021.02.24 күні сағат 15.15-те ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 341-473 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Ақмола облысында 2021.02.24 күні сағат 15.15-те ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 304-341 шақырымында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.