СҚО: Жол жиегіндегі қызмет көрсететін нысандардың 70%-ы стандартқа сай емес

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Қазавтожол» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Болатбек Айтбаев республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы қызмет көрсететін нысандардың ахуалы жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО: Жол жиегіндегі қызмет көрсететін нысандардың 70%-ы стандартқа сай емес

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы былтырғы қызметін қорытындылады. Басты мәселелердің бірі жолдардың жағасындағы сервисті дамыту болды.

Б. Айтбаевтың айтуынша, республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы 115 нысанның тек 36-сы ғана ұлттық стандартқа сай келеді. Бір жылда тек үш нысанның ғана жағдайы жақсартылған.

«Аудандар мен Павлодар қаласының әкімдіктеріне ұлттық стандартқа сәйкестендіру қажет нысандардың тізімін бердік. Олардың саны - 53. Нысандарды талапқа сай ету үшін модульді дәретханаларды орнатып, жанармай бекеттерінде бөлшек сауда орындарын ашудың өзі жетіп жатыр. Бұл жалпы нысандардың 77%-ын «C» және «D» санаттарының деңгейіне көтереді», - дейді Б. Айтбаев.

Оның айтуынша, филиал биыл «Көкшетау - Омбы» автожолының бойында орналасқан Чкалово ауылында «Kaz Way» жол павильонын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Күрделі жөндеу аясында филиал М-51 «Челябі - Новосібір» автожолында, Булаево қаласының аумағында демалыс орнын салуды жоспарлап отыр. Бұдан тыс, «Астана - Петропавл» автожолындағы «Хуторок» және «Мансұр» дәмханаларына кіретін және шығатын жолдарды жөндеу жоспарда бар», - деді ол.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов та аудан басшыларының осы бағыттағы жұмыстарын қатаң сынға алды.

Авторы: Олеся Жуковень