Скрининг арқылы ауру патологиясын анықтау үлесі төмен – министр
АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде медициналық скринингтік зерттеулердің басым бағыттары анықталып, оның тәсілдері қайта қаралмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті.
«Министрлік зертханалық қызметтердің құрылымын қайта қарауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, медициналық көмектің қолжетімділігі проблемаларын шешу жолында амбулаториялық емдеуді жетілдіру. Қазір консультациялық-диагностикалық қызметтер және дәрігерлерге артылған артық жүктеме пациенттердің наразылығын тудырып отыр», - деді Ақмарал Әлназарова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Сонымен қатар министр медициналық скринингтік зерттеулер жүргізу қызметіне көңілі толмайтынын айтты.
«Медициналық скринингтік зерттеулерге қатысты дерттің патологиясын анықтау үлесі төмен екенін мойындау керек. Сонымен қатар, маған скринингтік зерттеулердің басым бағыттарын анықтау және тәсілдерді қайта қарау тапсырылды. Одан бөлек, зертханалық қызметтер құрылымын талдау және тұтастай алғанда тарифтерді қайта қарауды ескере отырып, консультациялық-диагностикалық қызметтердің тізбесін өзектендіру керек», - дейді ол.
Сондай-ақ, ведомство басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл 1 сәуірге дейін бірыңғай медициналық көмек пакетін қабылдауды тапсырғанын еске салды.
Бұған дейін Ақмарал Әлназарова елімізде дәрі-дәрмектің сапасы қайта қаралатынын айтқан еді.