Скрипкашы А.Баранов Елизавета патшайым атындағы музыкалық байқаудың жеңімпазы атанды
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Скрипкашы Андрей Баранов Елизавета патшайым атындағы музыкалық байқаудың жеңімпазы атанды,
деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Бельгия астанасы Брюссельде өткен дәстүрлі академиялық музыканттар байқауы әлемнің үздік скрипачын айқындады. Оның нәтижесі сенбіден жексенбіге қараған түнде белгілі болды.
Әлемдік классикалық музыканы орындауда өзінің бар шеберлігін паш еткен ресейлік Андрей Баранов байқаудың қазылар алқасын тәнті етіп, бас жүлде мен 25 мың еуро көлеміндегі қаржылай сыйлықты қанжығасына байлады.
Ал екінші жүлде мен 20 мың еуро жапондық Тацуки Наритаға, үшінші орын және 17 мың еуро оңтүстіккорейлік Хен Су Шинге бұйырды.
Музыкалық өнер жарысына 78 скрипкашы қатысты.