Скрипкашы Ержан Құлыбаев «Джордже Энеску» халықаралық байқауында үшінші орын иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаев Румындық Атенеум сахнасында «Джеордже Энеску» халықаралық фестивалінде қорытынды концертте үшінші орын алды. Ол Чайковскийдің Ре мажор операсын орындады.
29 жастағы скрипкашы Мадридте, Зальцбургте білім алып, Познани филармониялық оркестрімен бірге концерттерге қатысып, дирижер Валерий Гергиевтің басшылығымен Польша камералық филормониясында, Мариинск театрында, белгілі Карнеги-холлда жеке концерттерін берді. Ол «Хиндемит Павел» халықаралық байқауы және «Генрик Венявский» байқауының (5-орын) лауреаттары атанды.
Скрипкашы Румыниядағы Қазақстан Республикасының елшісі Дәулет Батырашев және Румыниядағы «Джеордже Энеску» халықаралық байқауының негізгі әріптесі болып табылатын «KMG International» компаниясының аға вице-президентінің құттықтауын алды. Фестиваль мен байқау ұйымдастырушыларымен 2010 жылы жасалған Әріптестік әлеуметтік құндылықтардың көзі болып табылады және Қазақстан мен Румынияны ұлттық және халықаралық деңгейде көрсетеді.