Скрипкашы Лана жаңа 5-ші жеке альбомын жазуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
5-ші жеке альбомына Лана «VI sound» деп аталатын кәсіби Мәскеу студиясында, Ресейдің танымал композиторы және өңдеуші Валерий Парамоновпен үш композиция жазып келді. Лананың айтуынша, ол композициялардың музыкалары алдыңғы альбомдарға еш ұқсамайды.
«Менің жаңа бейне жұмысым мен туралы қалыптасқан бейнемді, дүние танымымды өзгертеді. Ұлттық музыкаға қызығушылығым, Құрманғазының "Кісен ашқан" күйін таңдауыма себеп болды. Ол күй - менің музыкалық тақырыбымның негізі болады», деді Лана.
«Millenium» деп аталатын жаңа бейне клиптің режиссеры Константин Саркисянның айтуынша, Лананың жаңа туындысы көрермендерді таң қалдырмай қоймайды, ол клип - нағыз психологиялық драма.
Лананың алғашқы дискі 1997 жылы «Калейдоскоп» деген атпен шыққан болатын. 4-ші альбомы 2005 жылы «Танец огня» деген атпен шықты.