17:08, 18 Қазан 2013 | GMT +5
«Sky News Arabia» түсіру тобы Сирияда жоғалып кетті
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - «Sky News» телеарнасының араб нұсқасы Сириядадағы қақтығысты жариялаумен айналысудағы үш журналистен құралған түсіру тобымен байланыс үзілгені туралы хабарлады.

Атап айтқанда, телеарна эфирі арқылы барлық мүдделі тараптарға, гуманитарлық ұйымдарға «Sky News Arabia» репортеры Исаак Мохтар, фото тілші Самир Кассаб, сондай-ақ, түсіру тобының жүргізушісі туралы қандай да бір мәліметті хабарлау туралы өтінішпен үндеу жарияланды.
Олармен байланыс сейсенбі күні таңертең «Ид аль Адха» мұсылман мейрамының бірінші күні үзілгені белгілі. Журналистер Сирияның солтүстігінде орналасқан Алеппо қаласының ауданында жоғалған. Екі тарап аталған стратегиялық маңызды қаланы бақылауды күшейтуге күресуде.
«Sky News Arabia» араб тілді телеарнасының орталық кеңсесі Әбу-Дабиде негізделген. Арна Таяу Шығыс елдеріне хабар таратады, БАҚ штатында төрт жүзден астам тілші жұмыс істейді.