SkyTerra-1 байланыс желісі бар "Протон-М" зымыраны Байқоңырдан ғарышқа көтерілді
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - 14 қарашада Американ-канада телекоммуникациялық MSV-1 серігі (серігінің коммерциялық атауы - SkyTerra-1) орбитаға мақсатты түрде табысты көтерілді, - деп хабарлайды Хруничев атындағы Мемлекеттік ғылыми-өндірістік ғарыш орталығына сілтеме жасап, РБК.
«Мәскеу уақытымен 20 сағат 29 минутта Байқоңыр ғарыш айлағындағы №200 ұшыру алаңының 39-шы ұшыру қондырғысынан американдық телекоммуникациялық ғарыштық «МСВ-1» аппаратымен «Бриз-М» үдеткіші бар және ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыраны сәтті ұшырылды, делінген хабарда.
Ресей ғарыштық ведомствосы хабарлағандай, ғарыштық инфрақұрылымның жердегі барлық қызметі, ғарыш айлағының ұшыру есебі мен тапсырыс берушілердің өкілдері үйлесімді әрі нақты жұмыс көрсетті.
20 сағат 39 минутта зымыран тасымалдағыштың үшінші сатысынан ғарыштық аппараты бар үдеткіш буын бөліп шықты. Бастапқы аппарат негізгі орбитаға шығарылды.
Ғарыштық аппаратты одан арғы дәл орбитаға шығару үдеткіш блоктың марштық қозғалтқышын 5 рет іске қосу арқасында жүзеге асырылады, деп түсіндірді Роскосмостан.
Аппаратты ғарышқа шығару уақытының жалпы ұзақтығы 9 сағат 14 минут болды. Ғарыш аппаратының үдеткіш блоктан бөлінуі 15-ші қарашаның 5 сағат 43 минутына жоспарланған делінген хабарда.