«Славян базары-2014» фестивалінде жарылғыш зат қойылғаны анықталмады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Беларусьтің Витебск қаласында 11 шілде күні түнде белгісіз біреу 102 телефонына қоңырау шалып «Славян базары-2014» фестивалі өтіп жатқан жерде жарылыс болатыны жайлы хабарлаған.

«Славян базары-2014» фестивалінде жарылғыш зат қойылғаны анықталмады

Алайда жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шыққан.

«Бұл жалған хабарды Искра деревнясының 1964 жылы туылған еш жерде жұмыс істемейтін азаматының жеткізгені белгілі болды. Ол нарколог дәрігердің есебінде тұрған азамат болып шықты», - деп хабарлады қаланың ІІБ.

Анықталғандай, ер адам бұл қоңырауды шалмас бұрын бірнеше күн бойы ішімдік ішкен. Ішімдік алуға ақшасы таусылған сәтте ол осындай өрескел әрекетке барған. Ол сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерлеріне «түсінде теракті болатыны туралы көріпкелдің аян бергенін» айтқан. Енді психатриялық сараптамадан өткен соң ақыл-есінің дұрыстығы анықталса, «жанашыр хабаршыға» қатысты қылмыстық іс қозғалмақ, деп жазады БЕЛТА.