«Славян базары» байқауында Македония әншісі жеңімпаз атанды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - «Витебскідегі Славян базары» байқауының басты жүлдесі Македонияға бұйырды.

«Славян базары»  байқауында Македония әншісі жеңімпаз атанды

 Бұл елдің 19 жасар эстрада әншісі Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, деп хабарлады Утро. ру.

Ән сайысына түрлі мемлекеттерден келген 20 жас әнші қатысты. Витебскіде өткен байқау 2 күнге созылды. Македониядан келген әнші 199 балл көрсеткіште рекордты ұпай жинап, жүлдегер атанды. Бұл жас әншіден кейін Латвиядан келген 23 жасар Саманти Тина одан 2 ұпай ғана  төмен балл жинады. Екінші және үшінші орындарға Укранина мен Италиядан және Болгариядан келген әншілер бақ таластырды.