Словакия - Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды әрі сенімді серіктесі - Президент

АСТАНА. KAZINFORM – Словакия Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Бұл туралы Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

АСТАНА. KAZINFORM – Словакия Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Бұл туралы Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Фото: Ақорда

- Шақыруымды қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Өйткені, ол біздің өзара қарым-қатынасымызға жақсы серпін береді. Қазір ғана біз белгілі бір тақырыптар аясында, түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастығымыз аясында шынымен де жемісті келіссөз өткіздік. Әрине, бірінші кезекте экономикалық аспектіде. Белгілі бір салмақты нәтижелерге қол жеткізетіндігімізге сенімдімін. Себебі ынтымақтастығымыз жалғаса береді. Словакия Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Сіздің еліңіз Еуропалық одақтағы ең белсенді әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі саналады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы орайда Президент бұл жетістіктердің басым бөлігіне Словакия Роберт Фицоның арқасында қол жеткізіп отырғанын атап өтті. 

- Словакияның өңірлік және халықаралық аспктідегі белсенді ұстанымы сіздің сындарлы әлемдік ынтымақтастыққа бейіл екендігіңізді білдіреді. Шын мәнінде саяси диалогтың, экономикалық ынтымақтастық пен гуманитарлық алыс-берістің арта түскенін, сонымен қатар көпқырлы аспектіде жемісті өзара іс-қимылды жоғары бағалаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен шағын құрамда келіссөз жүргізгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар