08:22, 16 Наурыз 2014 | GMT +5
Словакия премьер-министрі президенттік сайлаудың бірінші турында көш басында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Smer-SD социал-демократиялық партиясын басқаратын Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо елдегі президенттік сайлауда 28% дауыс жинаумен көш басында тұр, деп хабарлайды РИА Новости.
Словакиядағы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сенбі күні таңертеңгі сағат 07.00-ден бастап түнгі сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасаған.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінің айтуынша, Фицоның учаскелердің 97,7%-нан мәліметтерді өңдеген соң 28% дауыс жинағаны мәлім болған. Ал, белгілі филантроп және кәсіпкер Андрей Киска небәрі 24% дауысқа ие болған.