Словакия президенті коронавирус жұқтырды

АҚШ-та іссапармен жүрген Словакия президенті Зузана Чапутовадан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.

Зузана Чапутова
Фото: VLADIMIR SIMICEK

Питтсбургте болған Чапутова ауруына байланысты АҚШ-тағы сапарының соңғы күні, кеше, 4 ақпанда іскерлік бағдарламасын тоқтатқан. Ол 1 ақпанда Канададан АҚШ-қа келіп, кейін Калифорнияға ұшып барған.

Словакия Президенті бизнесмендер делегациясына басшылық еткен. Олар Google штаб-пәтерінде болды.

Президент бүгін Словакияға оралды. Сондай-ақ оның алдағы бірнеше күндегі жұмыс кестесінен бас тартқаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар