20:52, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Словакия Украинамен шекараны ішінара жапты
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат - Словакия Украинамен шекараны ішінара жапты: көрші елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты бес шекаралық өту бекетінің екеуі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін украиналық шекара учаскесін күзетуді Беларус пен Ресей күшейткен болатын.
Украинада тұмау індеті жарияланды: ширек миллионнан астам адам тұмау жұқтырды, 70-тен астам адам көз жұмды.